April 11, 2021

Ұялы телефон + ақыл немесе өз ұялы телефоныңды қалай табыс көзіне айналдыруға болады.....

Иә иә иә бұл тақырып бәріне қызық әрі аңыз сияқты өйткені, осы кішкентай ғана пластмассадан жасалынған дүниеден қалайша табыс табуға болады деген сұрақ бәрін қызықтырады, сөзден сіздерге іспен көшейік.....

Бұд оқиға сонау 2020-сы жылдың сәуір айында басталған, бәріміз карантин кезінде бүкіл бизнестің бәрі быт-шыты шығып, Алматыдан жан-жаққа тараған сәт еді, бұл сәтте кім интернет бизнеспен айналысты солардың дәурені немесе Гималайдың Эверестке шыққандай әсері болғаны бәріне белгілі. Бізде Фейсбук арқылы өзіміздің ісімізді дөңгелетіп жүре бердік, біздің де табысымыз сәл сәл азайа бастады + Фейсбукте ұлы депрессия басталды, шамамен 1 айдай жұмысымыз тоқтады, баннан шаршағанымыз соншалық тіптен фейсбукке кірген кезде құсқымыз келетіндей дәрежеге жеттік. Елдің барлығында жұмыс жоқ, біздің халық үкіметке өз талабын қоя бастады, үкімет басындағылар не істерін білмей халыққа көмек ретінде 42 500 теңге берілетін болды яғни пандемия кезінде кім жұмысын жоғалтты сол адамдарға көмек ретінде төлейтін болды, асыққан шайтанның ісі деп сол көмекке қол жеткізу үшін өздерінің egov.kz сайтынан алуға болады деп жариялағанда бар жоғы 15-30 минуттың ішінде сол сайттың серверлерін құлатып тастады, иә иә иә жалғыз дистанцияда оқитын студенттер мен оқушылар қиналып ғана қоймай қарапайым халық та болмайтын 42 500 теңгені ала алмады :(

Еліміздің мақтан тұтатын прогерлеріміз альтернатива ретінде басқа сайттарды іздей бастады, олар ұзақ ойланбастан Телеграм мессенджерін таңдады.

Контактідегі адамдардың барлығы өмірінде кірмеген Телеграм мессенджеріне тіркеле бастады, үлкен ажиотаж басталды, менде шетте қалмай осыны сәттен табыс табудың жолын іздедім.

Ең бірінші мен Телеграм каналдың тематикасын таңдай бастадым, бұрында 2017 жылы ашып қойған каналым бар еді, ол каналдың бағыты елдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып салатын канал еді, соны жалғастырамын деп шештім.

Ал енді қандай постпен көтереміз деп ойладық, сол сәтте 42 500 теңгені екінші рет беріледі деген сыбыс тараған кезде мына пост арқылы арзаннан инстаграм парақшалардан жарнама ала бастадық. Шамамен 500-1000 теңгеден жарнама алдық, скринды қараңыздар :)

Фотошопер емеспін жәй ғана Phonto бағдарламасымен жасай салғанмын :)

Сағат шамамен 22:40-та алған едім, ол кезде ауылдағы жолдас балаларыммен карантин режимін бұзып, кәуап жасап отырған кезіміз еді :)

Төретам ауылының балалары

Ал енді қызыққа келейік алғашқы жазылушылар саны мынадай болған еді

Ертерек скриндеп алғанмын, уақыты 19:13 ол кезде 967 жазылушы

Примерно 15-20 минуттың ішінде мынадай болды:

Сол жарнама алғаннан кейін алғашқы жарнама сатып алушылар шыға бастады, шамамамен кеткен шығын 3000 теңге, маған 1400 жазылушыдай жазылды.

Одан кейін біз Құралай ханымның Телеграм каналынан жарнама ала бастадық, (Бір жарнама құны: 5000 теңге) ол кезде шамамен 7000-нан аса адамдай бірден қосылды

Ал енді ең шырыны, біз Дәулеттен каналынан алынған жарнама нәтижесі төмендегідей:

Дәулеттен каналынан қосылған адамдар саны

Цифрға келетін болсақ, бұл жердегі шығын шамамен 200 000 теңгедей жарнамаға құртып, 800 000 теңгедей табысқа кенелдік, бұл тек ұялы телефонмен ғана

Kaspi скриншоты

Көптеген адамдардың айтатыны мен кәсіп таба алмай жүрмін, жұмыс жоқ т.б әңгімелерін естіп жүремін, қолдарында кем дегенде iPhone 5s немесе Samsung-тың соңғы моделін ұстап жүргеніне куә болып жатамын, ал бұл қолындағы ұялы телефондардың ішінде ұлы потенциал жатқанын сезіне білмейді.

Мейлі сіз Қазақстанның ең шеттегі ауылда болыңыз, мейлі сіз Қызылорда да тұрыңыз, қолыңыздағы ұялы телефоныңызды - табыс көзіне айналдыруға болатынын біле жүріңіз. Мысалы мен осы тірліктің барлығын Төретамда тұрып жасағанмын, иә бізде интернет әлсіз + сыйлыққа свет әрдайым өшіп тұрады, бірақ осы хайпты аулай отырып осындай табысқа жеттім :)

Осы кейстің ұлы куәгері, менің сенімді серкем iPhone 7

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - бұл кейсті жаза отырып мен өзімнің ауылдасым Ғалымжан және Ержанға алғыс білдіремін, қаншама жобаларды іске асырдық, әлде де іске асыру жоспарымызда бар.

Айтпақшы менде Телеграмдағы 300 жазылушы арқылы қалайша 300 000 теңге табыс тапқаным туралы кейс жазып шығамын, күтіңіздер!