May 16

Қалайша жасанды интеллектті құлдыққа алып одан қалай табыс табуға болады немесе ChatGPT менеджердің орнын басады💵

БҰЛ МАҚАЛАНЫ ОҚЫМАС БҰРЫН СІЗДЕРГЕ ЕСКЕРТУ!

❗Кім дамығысы келмейді немесе жәй көрейін деген адамдар болса осы сайтты жауып шығып кетіңіздерші, бұл мақала босқа уақытыңызды алады. Кім дамып, жаңа технологияларды қолданып табысқа кенелгісі келетін адамдар оқығанын қалаймын.Сосын инстаграм, тикток, ютуб көріп отырсаңыз оларды да жауып қойыңыз, тыныш жерде зейін қойып оқыған абзал

ChatGPT қосымшасы арқылы жасалынған, қазаққа ұқсас әдемі жігіттің суреті, қолында макбугы бар, сағаты бар :)

2024 жылы бізге өте қатты өзгерістер әкелді, әсіресе осы ChatGPT, нейросеть, нейронка деген дүние өмірімізді қатты өзгертті, тіптен бізді яғни тірі адамның жұмысын тартып алып, өзі жасайтын уақытқа таяп қалғанымызды білмей қалдық, адамзаттың бұлай өзгеруі бұл заңдылық, яғни роботтардың революциясы десем қателеспес едім.

БҰЛ МАҚАЛАНЫ СОҢЫНА ДЕЙІН, ҮЗІП ОҚЫМАҒАН АДАМНЫҢ ӨМІРІ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН, РАС АЙТАМЫН 😉

Мұнда бәлкім Нейронка, ChatGPT, нейросеть деген дүниені дұрыс түсінбей отырған адамдар бар шығар бәлкім, қысқаша қазақтың жалпақ, қарапайым тілімен түсіндіріп берейін - бұлар адам сияқты оқытылған дүниелер, яғни бұл ChatGPT, нейросеть, нейронканы сіздер оқытасыздар, бұл сізге қызмет ететін болады, бұлар сіздің айтқаныңыз бойынша жасайды, қарапайым ғана бір ChatGPT-дан сіздер Ньютонның немесе Қазақ хандығы жайлы сұрасаңыздар бұл сізге интернеттегі Қазақ хандығы жайлы дұрыс ақпараттарды сізге жеткізіп береді, тіптен ChatGPT-дан сізге қандай жар таңдау керектігін айтып береді, кәдімгідей адам сияқты сөйлесетін болады 😁 Тіптен бұл ChatGPT бизнеске деген көмегі кәдімгідей орасан зор, мысалы сіздің орныңызға инстаграмдағы дайректке, WhatsApp-тағы хаттарыңызға жауап бере алады, қарапайым клиент мұны робот немесе тірі менеджер сөйлесіп отырғанын ажырата алмайды.

Ал енді қызығына келейік, ыңғайлы етіп отырып алыңыздар, бұл жерде сіздерге өте қызықты ақпарат беремін

2020 жылы жылы инфобизнестің дәуірі болды, 2021 жылы Wildberries-тің, 2022 жылы Ozon, Kaspi, WB, 2023 жылы TikTok таргеттің, ал биыл 2024 жылы смело ChatGPT, нейронка немесе жасанды интеллект жылы деп есептеймін.

Мынау менің жасап шығарған чатботым. ChatGPT арқылы қалай табыс табуға болады деп жазсам, кәдімгідей қарапайым қазақ тілінде жауап беріп тұр :)☺️

Мойындашы....

Көбі жоғарыда аталған жылдарды былай келгенде "профукать" етіп алғандар бар ғой иә!? Мүмкіндік былай келгенде жылына бір-ақ рет немесе 4-5 жылда келуі мүмкін, кім бірінші кірді осы бағытқа сол адамдар қаймағын алатыны сөзсіз... Мен де 2017 жылы таргетке алғашқы адамдардың бірі болып кіріп, қаймағын алып өз жағдайымды жасап алдым, үй салдым, автокөлігімді алдым, қыдырдым, үйлендім жалпы өзімнің өмірлік мамандығымды таптым деп ойлаймын және де бұл мамандықта қазіргі таңда қатты сұранысқа ие, бір жобаға кем дегенде 300 мың - 1 млн теңге аламын.

Бұл уақиғамен сіздерге не айтқым келіп отырмын, шыны керек мен сіздерге кінә артқым келмейді, барлығымыз адамбыз, барлығымыз қателесуге, сүрінуге хақымыз бар. Атақты атамыз айтады ғой:

Өмір, өмір, болмайды түңілуге, Өкінбе, өкпелеме бүгініңе, Мәңгі саған жазбаған сүрінуге, Қақың бар қайта тұрып, жүгіруге…
М.Мақатаев

Сол үшін ештен кеш жақсы дейді, жалпы осы ChatGPT, нейросеть жаңа мүмкіндік, мұны меңгерген адамдар жоғары да айтылған өткізіп алған жылдарын қайта қайтара алады.

Мына жерде өміріңізді өзгертетін ұсыныс болуы мүмкін, зейін қойып оқуыңызды сұраймын

Реально көптеген кәсіптің ең басты проблемасы - менеджер табу, қай жерге қарасаңыз да барлығы менеджер іздеп жүреді OLX, Headhunter, таргетті ашсаңыз да офиске менеджер іздейді, скрин тамашалап көріңіз

OLX-тен алынған скрин

Ойлап қараңыздаршы, WhatsApp-қа жауап беретін адамның өзіне 200 мың теңгеге дейін ұсынып отыр, менеджер ватсаптағы Қарлығаш! (Карл)😏

Не үшін менеджерлерді көптеп іздейді неге көп адамдар бұл жұмыстан қашады, мен сізге айтайын, күніне 20-30 адаммен сөйлесіп көріңізші, әр клиенттің жеке проблемасын тыңдайды, эмоционалды түрде сөйлесетін адамдар бар, тіптен боқтап жіберетін клиенттер де аз емес. Бұл сәтте менеджер апатияға түсіп, эмоционалды түрде выгораниеге кетеді, тіптен депрессияға түсіп бұл жұмысқа енді жоламайтындай болып кетеді.

Сол үшін көбіне менеджерлерді іздейтіні де осы, ал сіз өзіңіз мынадай қиындықтарға тап болатыныңызды біліп, осындай жұмысқа тұрар ма едіңіз?! Мен 100% сеніммен айтар едім, мүмкін сіз іштей "иә" қиындықтан қашпаймын деу мүмкінсіз, бірақ 1 ай интенсивті менеджер болып жұмыс жасағаннан кейін ойыңыз 90 градусқа өзгеруі мүмкін :)

Ал енді сіздерге мынаны айтсам ше?! ChatGPT-ды менеджердің жұмысын атқаратын болса қалай болады?!

Иә иә, ChatGPT-ді менеджердің жұмысын атқара алады, яғни дайректке жауап беріп, лидтерді (заявкаларды) обработка жасап, оны CRM жүйеге жіберіп, ыстық лид қылып шығарады, тіптен тап-таза қазақ тілінде 🇰🇿жауап береді. Бұл деген керемет емеспе?! 😍

Мен бұл жаңалықты естігенімде шынымен де шокта болдым, бұл деген жасанды интеллекттің революциясы болды ғой деп ойладым да, бұл саланы тереңінен зерттеуге бел будым және де өзімнің кәсібіме еңгізіп те көрдім, бірақ ең бірінші мен өзімнің ChatGPT-ды оқытып қойдым, клиенттер жазып жатырса, сен міндетті түрде зумға шақыр, номері мен атын ал деп қойдым, мына скринды қараңыздаршы.

Мен ChatGPT-ға жасанды интеллект қызықтырады деп жазып едім, ол маған былай қайтарды:

Тіптен маған қанша заявка алып жатырсың деген сұрақта қойды
Сосын эмоционалды түрде жауап берді, тамаша деген сөзді қосып
Номерін жазып алып, датасын, атын жазып алып CRM жүйеге жіберіп қойды, қараңыздаршы керемет емеспе

Қарасаңыздар өте өте керемет дүние, иә бұл тек дайректпен ғана лидтерді обработка жасап тұр, бірақ мұны тек Instagram емес, тіптен WhatsApp-қа да қосуға болады. Қараңыз сіз өзіңіз басқа жақта өз шаруаларыңызбен жүрсіз, ал ChatGPT сіздің орныңызға жауап қайтарып, клиенттердің барлығын 24/7, 365 күн бойы обработка жасап сізге сатылым әкеліп жатыр, керемет емес пе?!

Бұл ChatGPT-ны кез-келген кәсіпке байланыстырып менеджердің орнын басып немесе жұмысын әлдеқайда жеңілдетуге болады.

❗Бұл мақаланың ең қызық жері, жіберіп алма зейін қойып оқы❗

Мына жігіт биткоин 1$ кезінде алып қалыңдар деп айтып жатыр, бірақ осыған ешкім сенбеді, видеосын қарасаңыздар 2013 жылы айтылған

Шыны керек 2013 жылы биткоин 1$ тұрды ол кезде ешкім сенбей алмады, 2017 жылы таргетті зерттемедің, вроде саған жарнамасы шықты, 2020 жылы инфобизнеске кірмедің сенбедің, 2021 жылы Wildberries-ге сенбей кірмедің, 2022 жылы Ozon, Kaspi т.б маркетплейстерге сенбей кірмей қойдың, 2023 жылы TikTok таргетті үйренбедің мүмкіндікті жіберіп алдың, 2024 жылы осы мақаланы оқып отырсаң ChatGPT осы жоғарыда айтылған трендтердің қатарына кірді, осыдан қалып қойсаң, келесі трендті күтсең қаншама мүмкіндіктен айырылып қалатыныңа ГАРАНТИЯ беремін!

Ал енді саған мен не ұсынбақшымын, егер сен қарапайым адам болып табыс табу көздерін іздеп жүрсең немесе кәсіп бастағың келсе немесе сен кәсіпкерсің, өзіңнің табысыңды көбейткің келеді, жаңа инструменттерді меңгеруге кеңес беремін, қалайша ол инструментті меңгеруге болады?! Схемасымен таныстырайын:

ChatGPT+Instagram Direct+WhatsApp

Түсініксіз бе ?! Иә иә, қазір қарапайым түрмен түсіндірейін, ChatGPT яғни жасанды интеллектті Инстагарам дайректіне, WhatsApp-қа жалғауға болады, тірі менеджердің орнына осы жасанды интеллектті орнына қоюға болады, бұл дегеніміз ChatGPT тірі менеджердің орнына кәдімігідей жауап қайтарып отырады,

Менеджерге айлық төлемейді, декретке шықпайды, тіптен 7-8 сағат ғана жұмыс жасап ғана қоймайды. ChatGPT + Instagram Direct бұл 365 күн, 24 сағат жұмыс жасай алады. Бір қызық айтайын ба?! Бұл ChatGPT кәдімгідей сатылым жасап жатыр, мінекей мен бір клиентіме ChatGPT+Instagram Direct қосып едім, дәл қазір ол адамның оборотын мына Kaspi Pay-дегі скринынан байқауға болады:

Бұл 17 күннің ішіндегі 6 млн теңгеден аса Жасанды интеллект сатып отыр, тіптен менеджерден де мықты сатып отыр :)

Өзіңіз қараңыз дәл қазір егер сіз кәсіпке қызықсаңыз немесе кәсіпкер болсаңыз, тіптен фрилансер болсаңыз бұл сізге үлкен мүмкіндік беріліп отыр, дәл қазір бұл саланы ешкім тереңінен зерттеген жоқ, тіптен көбі түсінбей жүр, сіздер білесіздер нарыққа алғаш болып кірген адамдар - әрқашан нарықтың ҚАЙМАҒЫН алады.

Кәсіпкерлер - өз кәсібіне, инстаграмына, WhatsApp-на ChatGPT-ды дайректіне қосып, сливать етіп жатырған заявкалардың барлығын обработка жасап, табысын 3-4 есеге шығара алады

Фрилансерлер - осы ChatGPT+WhatsApp+Instagram жасанды интеллектін орнатып өте жақсы табыс таба алады.

СӨЗДІҢ АШЫҒЫН АЙТҚАНДА....

Сіздерге мен бір қымбат курсты немесе консультацияны пихать етейін деп отырған жоқпын, мен сіздерге бір мүмкіндікті, яғни сіздердің көзқарасыңызды, жалпы жаңа технологияға, жаңа мүмкіндікті көретін дүниені сізге ұсынып отырмын. Тіптен осы жерден осы статьяны оқып жатырған кезде шығып кетуіңізге де болады, тек бұл нәрсе ұялы телефоныңызбен - тек өзіңіздің араңызда қалады, шығып кетсеңіз де мұны ешкім білмейді.

Жасанды интеллекті бар чатботты қаншаға орнатуға болады, нарық не дейді соны бақылап көрсетейін:

OLX-те тек ғана 2 хабарлама ғана тұр, яғни ЖИ (жасанды интеллекті бар) чат бот жасаймын деген, бұл дегеніміз Қазақстанда әлі ешкім үйреніп, кәсібіне енгізген жоқ деген сөз.

Мен сіздерге сөз беремін - 2024/2025 жылы реально, ChatGPT кәсіпке интеграция жасау өте бір ХИТ мамандыққа айналатыны сөзсіз.

Мына мақаланы жазып отырған кезде менің Kaspi Pay-іме оплаталар түсіп жатыр, иә иә мұны жасанды интеллект сатып жатыр

Кәдімгідей кайф алып жатырмын, мен мұнда ноутбукте отырмын, ал жасанды интеллект бәрін сатып жатыр, қандай тамаша иә :)

Нарық бұрында 1 жылда, кейде 4-5 айда бір рет өзгеретін, қазір жасанды интеллект шыққалы бері апта сайын өзгеретінін байқадым, шыны керек сіздерде бұл тенденцияға бейімделуіңіз керек деп ойлаймын, тіпті сіз міндеттісіз, өйткені қазақтың сөзі бар ғой:

Заманың түлкі болса, тазы боп шал, заманың қасқыр болса, бүркіт боп ал!

Заманың түлкі болса, тазы боп шал, Заманың қасқыр болса, бүркіт боп ал Әйтеке би

Менің сіздерге деген ұсынысым дәл осы жасанды интеллект ботын ең бірінші өз кәсіптеріңізге немесе сіз кәсіпке орнатып жақсы табыс табуды болатынын айтқым келіп отыр, дәл қазіргі таңда нарық бос жатыр, жасанды интеллект бізді жұмыстан шығармайынша, біз керісінше олардан алда болуымыз керекпіз. Қаншама хит мамандықтарды немесе криптаны сатып үлгере алмасаңыз бұл сізге өте жақсы мүмкіндік болатыны сөзсіз

МҰНЫ ҚАЙДАН ҮЙРЕНЕ АЛАМЫЗ, ҚАЙДАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ?! СІЗДІҢ СҰРАҚТАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП БЕРЕЙІН!

- Мен мұны үйрене аламын ба?!

Әрине мұны тіптен 6-7 жасар адам үйрене алады, ұялы телефонмен де жасай алады, адамның қолы мен миы болса болды

- Менің кәсібім жоқ, мен мұны қайда қолданамын?!

Қараңыз сіздің кәсібің жоқ болса, бұл да таргет, дизайн, сайт жасау сияқты дәл осы жасанды интеллектті кәсіптерге енгізіп табыс таба аласыз, бір чатботтың құны шамамен 150-200 мың теңге, тіптін үлкен компанияларға 1 млн теңгеге дейін өз қызметіңіздің бағасын қоя аласыз, бұл дегеніміз керемет емес пе!

- Менің кәсібім бар, бірақ менің кәсібіме келеді ме екен?!

Сіз фрилансер болсаңыз сіз кәсіпкерсіз, сіз инстаграм немесе WhatsApp арқылы қызметіңізді сатсаңыз бұл таптырмас құрал, менеджердің орнын жаба алады

- Шынымен таза қазақша жауап қайтара алады ма?!

Иә, иә тап-таза қазақ тілінде жасанды интеллектті оқытып

- Мен саған сеніп отырған жоқпын, мүмкін сен инфосыған шығарсың?!

Мен бұл салада жүргеніме шамамен 7 жылдан асты, мен осы уақытқа дейін "Арбитраж трафика" және таргет курсынан шамамен 1000 нан аса адам оқытқанмын, мені "Көбен Қуатбек" немесе "Қуат Кубенов" деп іздеп көрсеңіз мен туралы отзывтар интернетте толып тұр

- Әлі де сеніп тұрған жоқпын, маған гарантия бере аласың ба?! Бұл ChatGPT жалпы жасанды интеллект өшіп қалып, қалып қоймайтын дүние ма?!

Қазір әлемде адамның орнын жасанды интеллекті бар роботтар алмастырып жатыр, дәл қазір осы жасанды интеллект бізге жұмыс бермейінше