April 13, 2021

Телеграмдағы 300 жазылушымен 315 000 теңгені қалай таптым

Телеграм жеке брендті қалыптастыруға әрі өзіңнің өніміңді сатуға таптырмас алаң. Телеграмды көп адамдар жәй ғана мессенджер немесе Телеграмнан видео-фото жіберуге ыңғайлы құрал ретінде қабылдайды, ал жеке брендті қалыптастыруды мүлдем ойламайды.

Жеке бренд - дегеніміз ол сіздің бейнеңіз, яғни халық алдында немесе аудиторияңызды алдыңыздағы бір үлкен портретіңіз, мысалы да Винчиді еске алғанда, оның портреті "Мона Лиза" еске түседі, дәл сол ауылдағы Байсейітова көшесіндегі Талғатты еске алсақ, сварка еске түседі, мені де Қуат дегенде таргет еске түседі, GetContact-те менің номерімді теріп қараса Қуат таргет, Қуат таргетолог деп жазып қойғанын көремін :)

2018 жылдан бастап мен барлық адамдарымды Телеграм каналыма және де чатыма жинай бастадым, ол каналда мені танитын және де көріп білетін адамдарды қоса бастадым, ол кезде Телеграм деген халықтың алдында ондай қатты дамымаған еді, соған қарамастан жинай бердім, бар жоғы сол кезде - 300 ден аса жазылушы болды, ол каналға күнделікті таргеттен, арбитраждан, интернеттен қалай тауар сату керек туралы посттармен бөлісіп жүріп, курс ұйымдастырдым. Ол курстың аты "Қазақша Арбитраж" болды, яғни серіктестік бағдарлама арқылы табыс табу.

Курсқа кеткен жалпы шығыным 0 теңге болды. Не үшін Телеграм каналға адамдарды жинау керек деген сұраққа жауап:

  • Телеграмда лента деген дүние жоқ, сіздің Телеграмға салған посттарыңызды 60-70% адамға барады, оның ішінде 40% ашып оқуы мүмкін, бұл көрсеткішті ешқандай әлеуметтік желіден ала алмайсыз
  • Телеграмдағы барлық адамдар активный яғни сіздің өніміңізді сатып алу мүмкіндігі өте жоғары адамдар отырады
  • Телеграм қосымшасында ай сайын жаңалықтар енгізіп отырады, бұл дүниені #1 қосымшалардан да көре алмайсыз

Осы критерийларды ескере отыра мен де өзімнің курсымды сторителлинг арқылы және де Kaspi-дегі скриндерінен бастап қыздырып сата бастадым, менің аудиториям көбіне маркетологтардан, таргетологтар, дизайнер, жалпы Digital эксперттерден тұратын, оларға жаңа білім әрі жаңа саты ауадай қажет еді, ол адамдарға керекті дүниелерін уақытында бере алдым.

Нәтижесінде:
Қыздырудың арқасында 21 адам курсымды сатып алды, бәрі Kaspi-ге аударғаннан кейін курсымызды бастап кеттік, осылайша 300 ғана адаммен 315 000 теңге таза табыс таптым.

Ал сіздерге мотивация, мен не беремін, менің қолымнан түк келмейді, не жазамын, идея жоқ деген адамдарға айтарым әрбір адамның, әрбір эксперттің (адамның) өзінің аудиториясы табылады яғни сізді оқитын, сіздің өніміңізді сатып ала алатын және де сізге ең бастысы фанат бола алатын адамдарыңыз міндетті түрде табылады, қазірден бастап инстаграм, фейсбук, телеграм каналдарыңызды ашып өз дүниелеріңізбен бөлісіп шығаруды бастаңыздар, ертелі немесе кеш сіз өзіңіздің аудиторияңызды тауып өз мақсатыңызға жетеді деген сенімдемін.

Кейс ұнаса достарыңызға таратыңыздар, мүмкін керек болар :)